Нарықта доллар бағамы қандай
Ұлттық банктің 28 қазанға арналған ресми бағамы жарияланды
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 485 - 490 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 28 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 485,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 523,82.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,5 теңге. Еуро 524,5 — 528,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 485 теңге, сатып алу құны — 490 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 24 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге төмендеп, 485,13 теңге болған.