Су келісімі: Қазақстан көктемде 11 млрд текше метр су алады
Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі
Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.