Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген
05.06.2025 жылы 300млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Естеріңізге сала кетейік, аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.
Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген болатын.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.