Қазақстан
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 23 сәуір, 2025
- 178

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан
Саясаткер Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 мамыр, 2025