«100 млн теңге несие шығарып беремін»: Дариға Бадықова жарнамалаған Ақнұр алаяқ па
Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәселе көтерді
Біраз уақыт бұрын көпшілікке танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова есепшоттары бұғатталған адамдарға көмектесетін Ақнұр есімді адамды жарнамалаған болатын. Ал заңгер Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, дәл осы Ақнұр алдап кетті деген адамдар қазір әділдік таппай, өзіне хабарласып жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, алданған азаматтар бір-бірімен хабарласып, Ақнұрдың үстінен арыз жазуды көздеп отыр.
«Мәселе мәмілемен шешілер деп Ақнұрдың өзіне де жаздым. Дәлелім бар деп еді әне -міне деп байланысқа шықпай қойды. Кім жарнама жасаса да 10 ойланып 10 толғанып шешім қабылдау керек», - дейді заңгер.