Қоғам

2,5 млн теңге. Алматыда жер үйлердің бағасы қымбаттап кетті

Қала көшелерінде қазір кептеліс орнап, такси ақысы да өскен

Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда болған жер сілкінісінен кейін жер үй мен саяжайдағы баспананы жалдау ақысы бір миллион теңгеден басталып, бірнеше миллионға шарықтап кетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Мәселен, «Крыша.кз» сайтында 4-5 бөлмелі жер үйді жалға алу  бағасы бір миллион алты жүз мың, екі миллион бес жүз мың теңгеге бірақ жеткен. Үй иелері бір айлық жалға беру құнын бүгін өзгерткен. 
 

Сонымен қатар, қала тұрғындары такси қызметінің ақысы да шарықтап, қалада үлкен кептеліс болып жатқанын айтады.