«2 мың оқушымен жұмыс істейді»: мектеп психологтарының мәртебесі мен жалақысын көтеру ұсынылды
- авторjambylinfo.kz
- 7 наурыз, 2024
- 642
Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының мәртебесін көтеруді және жалақысын өсіруді ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Депутаттың пікірінше, елімізде, әсіресе ауылдарда психологиялық көмек көрсету жүйесі нашар дамыған. Осының кесірінен проблемалар дер кезінде анықталмайды және жастарға психологиялық көмек көрсетілмейді.
Сенатор балалардың психологиялық жағдайы мен мінез-құлқындағы алғашқы проблемалар мектепке дейін және мектеп жасында анықталатынын айтады. Сондықтан педагог-психологтардың оқушыларға жеке дара қолдау жасауға қол жеткізу мүмкіндігі және оның сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Алайда бұл салада бірқатар проблема бар.
«Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектептерде – 60, ал 4500 және одан да көп оқушы бар білім ошақтарында 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетіп жүр. Психологтың жүктемесі үлкен болуына байланысты нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады», - дейді Сарыбаев.
Осы мәселені шешу үшін депутат мектеп психологтарының сан жөніндегі нормативін есептеуді қайта қарауды және сынып санына түзетулер енгізуді ұсынды.
«Ресми түрде 1987 жылы психолог штаттары мектептерге енгізілгенімен, олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбек ақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде анықталған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет», - деді депутат.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024