Қоғам

4 баласы үшін аяушылық танытыңыздар: Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі

Альмира Нұрлыбекова сотта Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Түстен кейін Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова ұлының жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Альмира Нұрлыбекованың айтуынша, ұлы Қуандық марқұм жұбайы Салтанатты қатты сүйген, алайда қызғаныштың кесірінен жүйкесі сыр беріп, осындай қайғылы оқиға орын алған.

Сондай-ақ  Альмира Нұрлыбекова жәбірленуші тараптың адвокаты ұлын ескі Қазақстанның өкілі деп атағанына қарсы екенін, ұлының  30 жыл  басқарған шенеуніктердің қателігі үшін қосымша жаза арқалағанын қаламайтынын да баса айтты.