Қоғам

400 мыңнан астам балаға мектепке дайындалу үшін ақшалай көмек беріледі

400 мыңнан астам балаға мектепке дайындалу үшін ақшалай көмек беріледі

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 400 мыңнан астам бала мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылатын болады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, берілетін қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңгені құрайды. Ақша ата-аналардың карталық шотына түседі. Осылайша, ата-аналар мен балалар қажетті затты өздері таңдап сатып алады.