"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
Банктің хабарлауынша, 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейін әкімдіктерде баспанаға мұқтаж азамат ретінде тіркелген қазақстандықтар бағдарлама бойынша жеңілдікпен несие алуға өтініш бере алады. "Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, егер банктің "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несиелендіруге қаражаты болса, екінші кезеңге көрсетілген жылдардан кейінгі жылдары тіркелген жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар қатысуға шақырылуы мүмкін", - делінген ресми хабарламада. Үміткерлер отбасының әр мүшесі үшін кейінгі алты айдағы отбасының кірісі туралы ақпаратты ұсынуы керек. Айта кетейік, отбасы мүшелеріне шаққандағы кіріс мөлшері 2020 жылы 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Баспананы қайдан сатып алуға болады Бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек бастапқы нарықтан сатып алуға болады. Бұған "5-10-20" бағдарламасы бойынша салынып жатқан баспана және жеке құрылысшылардың пәтерлері кіреді. "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімі hcsbk.kz сайтында жарияланды. Бағасы қаншадан? Сондай-ақ, әкімдік салған тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы бекітілді: Алматы – 240 мың теңгеге дейін; Нұр-Сұлтан – 220 мың теңгеге дейін;