«Ақпараттық соғыста марқұм Салтанаттың жағы ұтылып жатыр». Ринат Зайытов Бишімбаевтың соты әділ өтеді дегенге күмән келтірді
Зайытовтың айтуынша, Қазақстандағы сот жүйесі өз алдына бөлек әлем сияқты жұмыс істейді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың пікірінше, әйелін өлтірді деген күдікпен қазір ісі сотқа жеткен экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қоғамның пікірін өз пайдасына бұра білетін азамат, деп жазады jambylinfo.kz.
Press.kz агенттігінің сұрағына жауап берген Зайытов қазір ақпараттық кеңістікте «ақпараттық соғыс» жүріп жатыр дейді. Және депутат атап өткендей, ол соғыста Нүкеновтердің отбасы жеңіліп жатыр.
Атап өткеніміздей, Ринат Зайытов кіші Бишімбаевтың алқа билерді сұрауында бір гәп бар деп санайды. Сондықтан ол журналистің сұрағына сұрақпен жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі 26 ақпан күні қылмыстық істер жөніндегі Астана аудандық мамандандырылған сотына түскен болатын.