Қоғам

Ақпараттық топ мүшелері ауыл тұрғындарына ем көрсетті

Ақпараттық топ мүшелері ауыл тұрғындарына ем көрсетті

Бүгін Қордай ауданына арнайы келген «Бейбішілік пен келісім» жобасының аясында құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудандық орталық ауруханада болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Құрамында бала дәрігері невропатолог, эндокринолог, ортопед және инфекционист сынды Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарынан жасақталған топ аудандық емхананың ауласында аудан орталығына жақын орналасқан ауылдың тұрғындарын жекелей қабылдап, созылмалы ауруы бар және жоғарыда аталған дәрігерлерге мұқтаж балаларды қарап, емін тағайындап, қажетті кеңестерін берді. Осы мақсаттағы қабылдаулар алдағы 2 күнде ауданның басқа ауылдарында да ұйымдастырылатын болады. Еске сала кетсек, облыс әкімі Бердібек Машбекұлының өкімімен бекітілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасының аясында құрылған 5 салалық ақпараттық-түсіндіру тобы 07-23 қыркүйек аралығында ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынына зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Бүгін осы жобаны алғашқы «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері келіп, бірнеше елді мекенді аралап, халықпен кездесті.