Қоғам

Адам саудасы: Астана мен СҚО-да ұйымдасқан екі қылмыстық топ әшкереленді

Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.

Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына қатысы бар екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер интернет желісі арқылы жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызметтерді жарнамалап, оны жүйелі түрде жүргізіп отырған. Бұл қылмыстық схема кәсіби деңгейде ұйымдастырылған және миллиардтаған пайда әкелген. Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың күн сайынғы табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.