Қоғам

“Қадірі қалмады”. Той үстінде қойға шапан кигізгендер сынның астында қалды

Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады

Той үстінде қойға шапан кигізгендер сынның астында қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлеуметтік желіде той кезіндегі келеңсіз жағдайдың видеосы тарап, ел ашуын тудырды. Желі қолданушылары ұлттық киімнің қадірін кетіріп, ерсі әрекетке жол бергендерді сынап тастады.

Instagram-дағы бейнежазбада асабаның той ортасына үстіне шапан жабылған қойды алып шыққанын көруге болады. Бұл жайтқа куә болған кеш қонақтары күліп, шапалақ ұрған. Алайда бұл жағдай желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Керісінше, олар мұндай әрекетке жол бергендерді қатты сынап тастады.

«Асаба жаңалық аштым деп мәз шығар. Бірақ бұл жаңалық емес, нағыз надандық», «Шапанның да қадірін кетіріп жатыр», «Ұлттық киіміміз қор болды», «Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы» деді көпшілік.

Алайда бұл видеоның қай уақытта және нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.