Алаяқтар call-орталық нөмірін жасауды үйренген
Алаяқтар call-орталық нөмірін жасауды үйренген
Қаскүнемдер қазақстандықтардың қырағылығын бәсеңсіту үшін банктердің call-орталығының нөмірін жасауды үйренген. Бұндай жағдайға алматылық Елена К. тап болыпты. Ол расымен де банк қызметкерлері өзіне хабарласты деп сеніп қала жаздаған, алайда әңгімелесу кезінде бір жағдай күдік ұялатқан. Еленаның айтуынша, бірнеше күн бұрын оның телефонына әлдекім қоңырау шалған. Дисплейде қысқа таныс нөмір шықты, дейді әйел. Алматылық еш күдіксіз жауап бергенін есіне алды. Ал хабарласқан адам өзін банк қауіпсіздігі қызметінің маманымын деп таныстырған. "Ол карта бойынша операция жасап жатқан шынымен де сіз бе деп сұрады және менің картамнан басқа адамның картасына аударымның бірнеше әрекеті болғанын хабарлады. Ол бейтаныс есім мен фамилияны атады. Мен алаяқтықтың осыған ұқсас әдістері соңғы уақытта танымал болғанын естігенмін, сол себепті әңгімені тоқтатуға асықтым. Бұл транзакцияны жасап жатқан өзім екенін жай ғана айта салдым. Бейтаныс қыз әңгіменің соңында сөгіс сөздерін жаудырып, трубканы тастай салды", - дейді қала тұрғыны. Бейтаныс адам қоңырау шалған нөмірге Елена қайта хабарласып, болған жағдайды баяндап берген. Нағыз колл-орталықта телефонды көтерген оператор банк картасында ешқандай мәселе жоқ екенін айтып, бұндай сұқбаттасушыларға сенбеуге шақырыпты. "Банк қызметкерлері алаяқтар өз нөмірін банктің call-орталығының ресми нөмірімен жасыруды үйрегенін айтқан. Алайда бұл мәселені қазірдің өзінде арнайы мамандар шешіп жатқанын жеткізген", - деді Елена. Алматы қалалық полиция департаменті мұндай қоңырауларды қаскүнемдердің жасайтынын растады. "Әдетте қоңыраулар "банктердің қауіпсіздік қызметінен" келіп түседі, онда сіздің картаңызда күдікті транзакциялар жүріп жатқаны жатқаны айтылып, қаражатыңызды "сақтандыру шотына" аударуыңызды сұрайды немесе абоненттік нөмірге келген кодты оқып жіберуіңізді өтінеді. Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметі қоңырау шалса, есіңізде болсын, банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы мәліметтерді сұрамайды, сонымен қатар мобильді телефонға жіберілген кодты талап етпейді. Одан бөлек, алаяқтар мобильді қосымшаны банк колл-орталығынан хабарласқандай пайдақорлықпен абонеттік нөмірді әдейі ауыстыру үшін қолданады. Бұндай жағдайда сізге тез арада трубканы қойып, картада немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірлерге хабарласу керек", - деді киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы подполковник Игорь Пудовкин. Сонымен қатар, ол қаскүнемдердің айласынан қалай қорғануға болатынын айтып, бірнеше кеңесін тілге тиек етті. Сіз қандай жағдай болмасын банк картаңыз бен жеке басыңыз туралы ақпараттарды жібермеңіз (жеке куәліктің фотосы, банк картасының фотосы, картаның артқы жағындағы үш таңбалы CVV-коды). "Сізге түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жіберілетін күдікті сілтемелерге кірмеңіз. Онда қаскүнемдерге сіздің қаражатыңызға мүмкіндік беретін вирустық файлдар, қосымшалар болуы мүмкін", - деді подполковник. Сондай-ақ, банк картаңыздың мәліметтерін түрлі сайттарға енгізіп қою - тұрарлық іс емес. Онда жеке ақпаратты жинау үшін арнайы құрылған "фишинг" сайттары болуы мүмкін. Оны өз кезегінде киберқылмыскерлер келешекте сіздің банктік картаңыздан рұқсат етілмеген төлемдер үшін қолдана алуы мүмкін. nur.kz