Алдағы күндері кей өңірлерде ауа температурасы +20 градусқа дейін жетеді
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылып, көктемгі жылы ауа райы байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дегенмен, елдің барлық аймағында бірдей тұрақты ауа райы болмайды. Қазақстанның солтүстік бөлігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болуы мүмкін. Бұл өңірлерде жауын-шашын – жаңбыр мен қар аралас жаууы ықтимал. Сонымен қатар кей жерлерде көктайғақ болып, желдің күшеюі де күтіледі.
Синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін де ескертеді. Мұндай жағдайда жол қозғалысына қатысушыларға барынша сақ болу ұсынылады.
Температура көрсеткіштеріне келсек, күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте күн одан да жылы болып, +15…+20°С шамасында болады.
Солтүстік пен шығыс аймақтарда ауа температурасы салыстырмалы түрде төменірек болады. Бұл өңірлерде күндіз +3…+8°С шамасында сақталады.
Жалпы алғанда, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде көктемнің жылы лебі сезілгенімен, кей аймақтарда ауа райының тұрақсыздығы сақталады.