Қоғам

«Алдымда жап-жас көпбалалы ана жатты». Жер сілкінісі кезінде операцияны үзбеген хирург жүрек тебірентер жазба қалдырды

Бүгін жер сілкінісі кезінде операцияны тоқтатпай, бір адамның өмірін сақтап қалған дәрігерлер көптің ықыласына бөленіп жатыр

Нейрохирург, Алматы орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жүрек тебірентер жазба қалдырып, бүгін жер сілкінісі кезінде операцияны үзбеген командасына алғыс айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Нейрохирург Марат Саршаев пен оның бес адамнан құралған командасы  қатты жер сілкінген кезде көп балалы анаға операция жасап жатқаны белгілі болды.

Ол осы жазбасы арқылы әріптестері Маханбетхан Шаяхметке, Құжат Досханға, Аслы Теменоваға, Айжарық Нағыметова мен Е.Оборонкоға алғыс білдірген.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыда 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Операция кезінде өзге әріптестері аурухананың сыртына шығып, қауіпсіздік шараларын сақтаған кезде операцияны үзбей, науқасты емдеп жатқан дәрігерлердің бейнесі желіде тарап, олар қазақстандықтардың зор ықыласына бөленген еді.