Қоғам

Америкалық жазушы Бозжырадағы құрылысты қазақ халқына қарсы қылмыс деп атады

Америкалық жазушы Бозжырадағы құрылысты қазақ халқына қарсы қылмыс деп атады

Деректі фильм түсіретін америкалық журналист, жазушы, National Geographic ғылыми қоғамының мүшесі Пол Салопек Маңғыстаудың Бозжыра шатқалындағы құрылысты қазақ халқына қарсы жасалған қылмыс деп атады. Оның пікірі adamdar.ca сайтында жарияланды.

Салопек шатқалдағы құрылысты экологиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да дұрыс ойластырылмаған және қауіпті деп санайды.

 /></p>
<p style=Еске салайық, 2020 жылғы 7 қарашада Желіде Бозжыра шатқалында құрылыс техникасы әкелінгені түсірілген видео жарияланды. Сол күні Маңғыстау облысында Rixos Water World Aktau қонақүйін салған инвесторлар облыс территориясында "Бозжыра сафари-отель" бутик-қонақүйін салуды ұсынғаны белгілі болды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер Бозжырадағы нысанның құрылысы заңға сәйкес қоғамдық талқылаудан, экологиялық сараптамадан, қоршаған ортаға әсерінің бағалауынан өтуі керек екенін айтты.

Сарапшылар Бозжыра шатқалында құрылысқа тыйым салудың алты себебін атады.

10 қарашада шатқалдан құрылыс техникасы шығарылған.

  Tengrinews.kz