Таразда анасының басынан шәйнекпен ұрған әйел 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады
Сот кезінде анасы қызын кешірмей, жазаны ауырлатуды өтінген
Таразда өз анасының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген әйелге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, анасы мен қызы арасында жанжал туындап, оның барысында сотталушы анасының басынан шәйнекпен бірнеше рет ұрған. Сотталушының әрекеті салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Осы бойынша іс сотқа жетіп, прокурор кінәліге 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды сұраған. Өйткені, сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Бірақ, жәбірленуші қызына кешірім бермей, соттан оны жазаға тартуды өтінген.