Қоғам

Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам табылды

Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Құтқарушылар Нұра ауданында сағат 09.46-да қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапқан. 

Ер адам 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, адасып қалған. Ол бес күннен кейін үйіне оралды.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру жұмыстарына МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағын пайдаланды.