«Арбат-3» аяқталуға жақын
«Арбат-3» аяқталуға жақын
Бұған дейін «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңының ашылуы аз уақытта көпшіліктің көз қуанышына айналып үлгерген болатын. Енді көне шаһардың ажарын арттырған Арбаттың үшінші кезеңі аяқталу үстінде. Қазіргі таңда «Арбат-3» аумағында ұзындығы 320 метр, ені 4,4 метр болатын су бұрқағы салынып, аумағына көлік тұрағы орнатылған, сондай-ақ, аумағын абаттандыру, көгалдандыру және кіші архитектуралық формаларды қою жұмыстары атқарылыпты. Облыс басшысы аяқталу мерзімі тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп тұрған «Арбат-3» аумағына арнайы ат басын тіреп, соңғы жұмыстардың нәтижесімен танысты. Тек Қарахан кесенесі аумағымен Шахристанға өтер тұста шағын арканы орнату жұмыстары ғана қалыпты. Жұмыс нәтижесін жіті бақылап шыққан облыс басшысы қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа көгалдандыру кезінде қазақи ою-өрнек нақыштарын пайдалануды тапсырды.