Қоғам

Ащыбұлақтағы игі істер

Ащыбұлақтағы игі істер

«Үлгілі ауыл» байқауына Жамбыл ауданынан қатысып, намысын қорғайтын Ащыбұлақ ауылында Қарасу ауылдық округі әкімі аппараты мен Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбек жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Жәрмеңкеге келген 4 азамат Қ.Сартбаев атындағы орта мектепке, 2 азамат Шайдана бастауыш білім ордасына, 3 адам «Жауқазын» балабақшасындағы маусымдық жұмыс орындарына жолдама алды. Бір бос орын яғни, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісіне үміткер табылмады. Округ әкімі Самат Селеубаевтың айтуынша, бұл игі бастамалар жоғарыда аталған байқаудың критерийлерін орындау мақсатында қолға алынған. – «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға және елді мекендерді көріктендіруге, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған «Үлгілі ауыл» жобасының талаптарын бұлжытпай орындап келеміз. Жобаның аты айтып тұрғандай, көпке үлгі болу үшін ауылда бірқатар тірлікті тиянақтадық. Ауыл ақсақалдары бас болып, мұқтаж отбасына баспана тұрғызып, жуық арада тұрғын үй кілтін салтанатты түрде табыстамақшымыз. Округтегі дүкендерге ішімдік сатпау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көгілдір отын отын келер жылы халық игілігіне берілетін болады. Әзірге ауылішілік көшелерді ретке келтірудеміз, – деді Самат Апсадықұлы бізбен әңгімесінде.