Қоғам

Қасиетті Рамазан айы қашан басталатыны айтылды

2026 жылы Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 27–29 мамыр аралығында тойлайды

Биыл айлардың сұлтаны — Ораза қашан басталатыны және басқа да мұсылман мейрамдарының қашан өтетіні туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ұсынылған күнтізбеге сәйкес, Ораза ұстау (қасиетті Рамазан айының бірінші күні) 19 ақпанда басталады, Қадір түні — 16-нан 17 наурызға қараған түні өтеді, ал Ораза айт мейрамын мұсылмандар 20 наурызда атап өтеді.

2026 жылы Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 27–29 мамыр аралығында тойлайды.