Астанада автобус апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, автобус апатынан зардап шеккен жолаушыларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Сонымен қатар, оларға материалдық және қосымша қажетті көмек те беріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Апат болған автобус тізгінінде жолаушылар тасымалында 15 жылдан астам тәжірибесі бар жүргізуші болғаны атап өтілді. Ол осы автопаркте 2020 жылдан бері жұмыс істейді.
2 маусым күні кешке Астанада Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылған. Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай қалған. Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 адам ауруханаға жеткізілді. 2017 жылы туған қыз баланың екі аяғын кесіп тастауға тура келген.