Қоғам

Астанада такси жүргізушілерін сан соқтырған әйел ұсталды

Жәбірленуші тараптың шығыны 300 мың теңгені құрайды

Астанада полицияға екі такси жүргізушісі өздерін бір әйелдің алдап кеткенін айтып, арызданған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, такси жүргізушілерінен қаскүнем қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін танымал такси қосымшасындағы бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді.