дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 18:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда көлік қаққан 8 жасар қыз оқиға орнында жан тапсырды

Атырауда көлік қаққан 8 жасар қыз оқиға орнында жан тапсырды
Фото: әлеуметтік желіден
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр

Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті. Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші — 52 жаста.

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар