Қоғам

Атырауда көлік қаққан 8 жасар қыз оқиға орнында жан тапсырды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр

Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті. Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші — 52 жаста.