Қоғам

Атыраулық жас қыз 81 жастағы миллиардерге тұрмысқа шықты

Қарт күйеу Дональд Трамп отбасының жақын досы екен

Ресейге көшіп кеткен атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы миллиардер Хорст-Дитер Эшпен некелесті. Эш – "Вильгельмина" модельдеу агенттігінің бұрынғы иесі және Дональд Трамп отбасының жақын досы, деп хабарлайды Jambylinfo.kz "Санкт-Петербургский дневник" порталына сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, ерлі-зайыпты бірнеше ай бұрын некелерін ресми түрде тіркеген. Содан кейін көп ұзамай жұп Марселина есімді қызды болған.

Батыс басылымдарына берген сұхбатында Эш Алинаға деген сезімін білдіріп, оның элита ортасында өзін сенімді сезінетінін атап өтті.

Алайда, арудың таныс құрбылары Алинаның да жағдайы жақсы жерден шыққанын алға тартты.

 

 

Сонымен қатар, Алина қазір бұрынғы достарымен қарым-қатынасын үзген. Тек күйеуінің ортасымен араласады. Қыздың ата-анасы да ерлі-зайыптылар арасындағы жас айырмашылығын қабылдайтынын және оның таңдауын қолдайтынын жеткізген.

 

 

Туыстары жүктіліктің егжей-тегжейін түсіндіре алмады. Бұл олар үшін күтпеген жағдай болған.

 

 

Кузняткина бұрынғы достары мен туыстарын сағынғанына қарамастан, оның өмірі қазір махаббат пен түрлі сыйлықтарға толы екен.