Қоғам

«Айдай сұлу әппақ, күндей сұлу көркем». Димашты әжесі бала кезінде қалай еркелеткен

Әжесі мен кішкентай Димаштың бала кездегі видеосы көпті сүйсінтті

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода Димашты әжесі киіндіріп, далаға шығарғалы жатқанын көруге болады. Әжесі оған ұзын пальто, ақ тымақ кигізіп, серуендеуге дайындап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың бала кезде домбыра тартқан видеосы таралған еді.