Қоғам

Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығымен бөлісті

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 31 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда жеке ән кешін өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әнші бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

«Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездеспекші тұрмыз…

20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолымдағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз! Кездескенше, сүйікті тыңдарман! Мен сені күтемін, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады.

«Әрине, барамыз», «Нағыз аңыз сахнаға оралды», «Бір рилспен-ақ стадионды толтырады», «Стадион тек Қайраттарға жарасқан», «Кім не десе де, ол – аңыз», – деген пікірлер қалдырды тыңдармандары.