Қазақстанда 30 жыл жол көрмеген ауылдың балалары ҰБТ-ға трактормен барған (Видео)
- авторjambylinfo.kz
- 27 наурыз, 2024
- 932
Видеоға түсірген ауыл тұрғынының сөзінше, 17 наурызда Мұратсай ауылының 11-сынып оқушылары ҰБТ (наурыздың 4-і күні басталып, 30-на дейін жалғасатын ақылы тестілеу) тапсыру үшін қалаға бара жатқан. Ал жолдың ұзақтығы – 18 шақырым. Әрі қарай тағы 550 шақырым жүріп, Оралға жетеді.
Мұратсайлықтардың айтуынша, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ауданға ешкім жол салмаған.
Бұл оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы әкімдігі түсініктеме беріп, ауылда жол мәселесі жақында шешілетініне сендірген.
"Осы 18 шақырым кіреберіс жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, жұмысты бастау үшін бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қазір мердігерді анықтау үшін тендер өтіп жатыр. Жобаны 2024-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр", - деп хабарлаған аудан әкімдігі.
Тахмина Әшірбай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Рамазанның екінші онкүндігі: Неге ерекше мән беру керек?
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024