Қазақстанда CryptoCity аймағы қай қалада ашылуы мүмкін

Қазақстанда криптовалюта арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін CryptoCity атты арнайы аймақ ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Астана халықаралық форумы аясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, CryptoCity — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған тың жоба.
Алайда, жобаның нақты қай қалада жүзеге асатыны белгісіз, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
CryptoCity аймағында криптовалютаны еркін пайдалану қарастырылып отыр. Яғни, бұл жерде тұрғындар криптовалюта арқылы дәмханаларда тамақтана алады, тұрғын үй сатып алады, инвестиция құя алады.
CryptoCity нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар құқықтық-нормативтік базасын әзірлеумен айналысып жатыр.