жұма, 27 желтоқсан, 2024 15:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады
ашық дереккөзі
Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індеттің таралуына жол бермеу мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаундар сақталатынын айтты.
"Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндері локдаундар сақталады. Қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиялық жағдайға қол жеткіздік. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті", деді Алексей Цой. 9 қыркүйектегi жағдай бойынша жалпы 106 498 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шығарылды. 1646 адам қайтыс болды. Республикада ПТР теріс нәтижесі бар КВИ-дың 28 228 жағдайы тіркелді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар