Қоғам

Қазақстанда түрмедегі адамдар ұялы телефоннан құмар ойын ойнаған

Сонымен қатар олар онлайн сауда жасағаны анықталып отыр

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелеріне тексеру жүргізіп, жаға ұстатар жайттарды анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәлірек айтсақ, прокуратура анықтағандай, сотталғандар ұялы телефон пайдаланып, онлайн түрде сауда жасаған, несие рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Бұндағы ақшаның жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асқан.