Қоғам

Қазақстанда тек әйелдер жұмыс істейтін полиция бөлімшесі ашылды

Қазақстанда тек әйелдер жұмыс істейтін полиция бөлімшесі ашылды

Теміртау қаласында тек әйел адамдар жұмыс істейтін полиция бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бұл жердегі ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың бәрі әйел. Полиция бөлімшесі дағдарыс орталығының ғимаратында орналасқан. Дереккөзге сүйенсек, өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдер мен олардың балалары осы жерге келіп, заңдық, құқықтық және психологиялық көмек ала алады.