Қоғам

Қазақстандағы "ең әдемі әжетхана" қайда екенін білесіз бе

Ол жер – Ақсай шатқалы екен

Есік қаласының тұрғыны Мария әлеуметтік желіде таудағы әдемі көрініске иек артқан әжетхананың кадрларымен бөліскен. Қоғамдық нысан желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Tengri Travel жазуынша, жиһанкез Марияның жасы 19-да. Есік қаласының тумасы. Жақында ол Ақсай шатқалына барып, әсем табиғатты таспалап, әлеуметтік желіге жүктеген. Соның ішінде желі қолданушыларын таңғалдырғаны – таудағы әжетхана. Бейнеде Марияның өзі де тұмса табиғаттың аясындағы дәретхананың әрлі кескініне таңдай қағып, тамсанғаны аңғарылады. Ол бұл жер жайлы туыстарынан естіп, білген екен.

 Мария бұл жерге әлеуметтік желі қолданушылары қызығушылық танытып, кейбірі әзілге айналдырып, әдемі көрініске оң пікір жазып жатқанын айтады.