Қоғам

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

Қазақстандықтардың Жаңа жыл мен Рождествода қанша күн демалытыны белгілі болды.

Биыл жаңажылдық ресми демалыс күндері - 1 және 2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4-не, яғни дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3 қаңтарда демалады. 31 желтоқсан - бұл ресми жұмыс күні. Ол күні демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екені айтылады. Жаңажылдық демалыстардан кейінгі келесі демалыс бейсенбі, 7 қаңтарға түседі. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

  Uchet.kz