Қоғам

Қазақстандық зейнеткерлер орташа есеппен қанша зейнетақы алады?

The final spritzer

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, еліміздегі орташа жиынтық зейнетақы мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде ортақ (солидарлық) зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1,44 трлн теңге жұмсалған. Қазақстанда шамамен 2 465 000 зейнеткер бар.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ортақ зейнетақы 8,5%-ға артты. Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс минимумының 65%-ынан 70%-ына дейін өсіп, 32 360 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін артып, 50 851 теңгені құрады. Бұған дейін орташа зейнетақы шамамен 131 500 теңге болған.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер есепке алынады.