Қоғам

Қазақстанның ең таза, ең лас қалалары қандай екенін білесіз бе

Әлемдегі ең лас 100 қаланың тізіміне Қазақстанның төрт қаласы енген

«Qazaqstan» телеарнасының эфиріне шығатын «Технократтар талқысы» бағдарламасының кезекті санында ауаның ластану мәселесі айтылды. Бағдарлама қонағы  профессор Қуаныш Тастанбек Қазақстандағы ең лас қалаларды атап өтті, деп хабарлады jambylinfo.kz.

Қуаныш Тастанбектің айтуынша, әлемдегі ең лас 100 қаланың тізіміне Қазақстанның төрт қаласы енген. Атап айтқанда, Алматы, Астана, Өскемен мен Қарағанды қалалары еніп отыр.

Ал Қазақстандағы ең таза қала Орал қаласы деп танылған.