Қоғам

Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйел экипажы Тараз аэродромында жаттығу өткізді

Аделина Луценко мен оның студенті Екатерина Степина Tecnam 2002JF ұшағын мінген

Азаматтық авиация академиясының тарихында алғаш рет тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромында алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Олар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағын мінген.

Қазір бұл жас нұсқаушыға  екі студент тіркелген. Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификатына ие болған. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.