жұма, 10 сәуір, 2026 18:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бұғатталған шотты уақытша ашу мүмкіндігі: нені білу керек?

Бұғатталған шотты уақытша ашу мүмкіндігі: нені білу керек?
Pixabay.com
Тыйым тек тиісті дәлелдеме құжаттар ұсынылған жағдайда ғана алынады.

Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірге 2026 жылғы 6–30 сәуір аралығында арнайы науқан бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның мақсаты — азаматтардың белгілі бір әлеуметтік төлемдер түсетін банк шоттарынан қойылған шектеулерді алып тастау.

Науқан шеңберінде жалақы, алимент, зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар аударылатын шоттардағы тыйымдар шешіледі.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін азаматтар Adilet.gov мобильді қосымшасына тіркеліп, жеке сот орындаушысына тиісті шоттардан тыйымды алып тастау туралы өтініш жолдауы тиіс.

Тыйым тек тиісті дәлелдеме құжаттар ұсынылған жағдайда ғана алынады. Мысалы, жұмыс орнынан жалақы түсетін шот екендігін растайтын анықтама, зейнетақы шоты туралы құжат және басқа да қажетті растайтын қағаздар талап етіледі.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі бұл шаралар азаматтарды атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерден босатпайтынын атап өтті. Яғни қарыздарды өтеу, айыппұлдарды төлеу және өзге де міндеттерді орындау талабы сақталады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар