Бүгін 6 облыста 1-3 градус үсік жүреді
Бүгін 6 облыста 1-3 градус үсік жүреді
Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне жауын жаумайды, күн ашық болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерінде жел екпіні – 15-25 м/с, шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысында кей жерге тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі. Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады. baq.kz