Қоғам
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2020
- 795
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады
"Қазгидромет" РМК 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
"Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Ақмола, Жамбыл, түнде Солтүстіқ Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады", - делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






