дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Халықаралық отбасы күні

Бүгін – Халықаралық отбасы күні
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жыл сайын 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні тойланады

Атаулы датаны  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының бүгін, 2024 жылдың 15 мамырында жариялаған статистикасына сүйенсек, Қазақстанда соңғы 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркелген. Ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы пайда болған.

Сонымен қатар, Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл конкурс адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

 "Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі", – деп атап өткен еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар