БҚО-да бес бала көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауылында бес бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.
Жекеменшік тұрғын үйде өрт шығып, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрттің себебін өрт зертханасының мамандары мен анықтау бөлімі анықтайды.
"Мой город" басылымының мәліметінше, отбасы бұл үйді жалдап тұрған. Өрт шыққан сәтте ата-аналары жұмыста болған. 35 жастағы әкесі коммуналдық кәсіпорында шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал балаларының анасы жергілікті дүкенде еңбек етеді.