БҚО-дағы қайғылы оқиға: зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсетіледі

Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында өрттен көз жұмған балалардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әкім 4 маусым күні иіс тию салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Қайғылы жағдай орнына облыс әкімінің орынбасары барған.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, полицейлер мен дәрігерлер жұмысын жалғастыруда. Әкім бұл жағдайды өз бақылауына алғанын айтты.