Қоғам

Баланы мектепке дайындау: аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қанша теңгеден төленеді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетім балаларға мектепке дайындалу үшін қаржылай көмек көрсетеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы бұл көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 46 228 теңгені құрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған көмекке 500 мыңнан астам оқушы ие болады. Оның ішінде аз қамтылған отбасылардың балалары, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары және өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушылар бар.

«Қаражат ата-аналардың есепшоттарына тікелей аударылады. Бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім мен кеңсе тауарларын өз қалауы бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық өңірде бұл қолдау тетігі іске қосылды», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, 2024 жылы бұл көмек 43 407 теңгені құраған. Ал баланы мектепке дайындауға ата-аналар орта есеппен 70 мың теңгеден астам қаражат жұмсайды.