Жігіт жағдайы бола тұра үйленбесе, ол ауру я күнәһар – Мұхамеджан Тазабек
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасындағы шағын видеода айтты
Дінтанушы, айтыскер ақын, Мұхамеджан Тазабек бойдақтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның сөзінше, денсаулығы жақсы, қаржылық жағдайы жеткілікті, басы бос адамдардың үйленбей жүруі – күнә.
“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз”, дейді ол.