жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Басты мақсат – әлеуметті  қорғау мен қолдау

Басты мақсат – әлеуметті  қорғау мен қолдау
ашық дереккөзі
Басты мақсат – әлеуметті  қорғау мен қолдау

Әлеуметтің әлеуетін арттыру - бүгінгі таңның басты ұстанымы. Сондықтан тұрғындарға жергілікті билік тарапынан барынша көмек көрсетілуде. Жамбыл ауданында жыл ішінде мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 37816 адамға 42500 теңгеден  төленген.  Сондай-ақ  7071 тұрғынның 212,1 миллион теңге көлеміндегі коммуналдық төлемдері жабылған.  Бұдан бөлек 1130 отбасына 393,9 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек берілген, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Есепті кезеңде 4771 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құраған.

Аудандағы 38 білім беру мекемесінің 25-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратқа орналастырылған десек, биыл Жамбыл ауылынан 100 орындық мектептің құрылысы жанданған. Одан бөлек  Шоқай ауылынан 150 орындық және Айша бибі орта мектебіндегі үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін 300 орындық мектеп құрылысына тиісті құжаттар әзірленуде.

Үстіміздегі жылы  10 орта мектепте ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілсе,

барлық білім беру мекемелеріне  ішкі әжетхана, интернет желісі және бейнебақылау камералары орнатылған.17 мектеп робототехникамен жарақтанған.

Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 88,5 пайызды құраса, 3-6 жас аралығындағы көрсеткіш  100 пайызды діттеп  тұр.

Денсаулық сақтау саласына келсек, 36 мекеменің 19-ы ыңғайластырылған немесе жапсарлас ғимаратта орналастырылған. Соңғы екі жылда 8 ауылда медицина мекемелері жаңа ғимаратқа көшірілген.

«Цифрлық Қазақстан» жобасы аудандағы мәдениет саласының жұмысын жан-жақты етуде. Бүгінгі  таңда 18 кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық елге қызмет етуде.

Ал Қаракемер ауылдық клубының құрылысы (94,6 млн. теңгеге 90 көрерменге) басталған болса,    Жалпақтөбе және Өрнек ауылдарынан клуб салуға тиісті құжаттары дайындалуда (12 млн. теңге).

Биыл Аса ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  аудан халқы көптен күткен спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны 514,1 миллион теңгені құрап, барлық заманауи стандартқа сай келіп отыр.

Сондай-ақ, елді мекенде  36 шағын футбол, 19 балалар ойын алаңы мен 15 жаттығу алаңшасы салынған. Жыл соңына дейін  тағы осындай 6 нысанның құрылысы аяқталатын болса, 2 алаңға жасанды газон төселеді.

Қосымша Айша бибі, Гродиково, Пригородное, Жалпақтөбе, Шайқорық ауылдарынан спорт нысандарын салу үшін 23 миллион теңгеге  сметалық құжаттар жасалуда.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар