Қоғам
«Батылдық жас талғамайды» Көкшетауда 10 жасар бала ТЖМ медалін алды
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 шілде, 2024
- 598
Артур Гаитов үйінен шыққан өртті ауыздықтап, бір жасар інісін терезеден алып шыққан
Ақмола облысы ТЖД-да көрсеткен қайсарлығы үшін Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Артур Гаитов төтенше жағдай орын алған кезде, абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген.
Көкшетауда 10 жасар батырды Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов марапаттап, ТЖ министрінің жарлығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталған батыр болашақта құтқарушы болатынын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024